Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Алдыңғы бөлік дизайны

Алдыңғы бөлік дизайны

Бірегей стильдендірілген BMW элементтері бар жаңа BMW X7 көлігінің алдыңғы бөлігінің дизайны сенімді әрі спорттық ажар береді. Жарықтандырылған BMW Iconic Glow радиатор торы сырт көрінісіне ерекше заманауи сән қосады. Талғампаз қосарлы дизайны бар оның стильді ламельдері бірегей хромдалған бөлшектермен бірге автокөліктің алдыңғы көрінісіне жарқыраған әрі стильді реңк береді.

Қырынан көрінісі

Қырынан көрінісі

Жаңа BMW X7 көлігінің тартылған келбеті мен жаңа "Жарқылдаған мысты сұр металлик" лак-бояу жабыны ерекше динамикалық әрі сырбаз бейне жасайды. Эксклюзивтік 23 дюймдік жеңіл қорытпалы BMW Individual дискілері әсерді күшейте түседі. Алайда автокөлікке бір қарағаннан-ақ оның салонының таңғаларлық кең екенін көруге болады.

Артқы бөлік дизайны

Артқы бөлік дизайны

Жаңа BMW X7 моделіндегі артқы шамдарының заманауи дизайны үш өлшемді пішінімен ерекшеленеді. Шыны астындағы нәзік хромды сәндік жолақ шамдарды біріктіріп, премиум белгісін береді. Бұл бөлшек шанақтың енін көрсетіп қана қоймай, күшті әрі сонымен бірге талғампаз көріністі қалыптастырады.

Кокпит эстетикасы мен технологиясы

Кокпит эстетикасы мен технологиясы

Кокпитте алғаш көзге түсетін нәрсе – бұл талғампаз дизайнда іске асырылған заманауи цифрлық технология. Майысқан BMW Curved Display экранының арқасында аспаптар панелі ерекше жұқа әрі нәзік көрінеді. Ал сәндік элементтердің астындағы инновациялық жарық жолағының таза шыныдан жасалуы және призмалық құрылысы оны жарқын көрнекі әрі функционалды ерекшелікке айналдырады.

Салонның кең әрі жайлы артқы жағы

Салонның кең әрі жайлы артқы жағы

Салонның артқы жағында жолаушылар керемет кеңістік пен жоғары деңгейдегі жайлылықты – әсіресе BMW Individual-дың жаңа Merino "Піл сүйегі"/"Сұр атлас" былғарысымен қапталуының арқасында тамашалай алады. Қосымша жайлылықты смартфондар мен басқа да электронды құрылғыларды ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз ететін орындықтарға біріктірілген арнайы бекітпелерді сыйлайды.

CraftedClarity безендіруі

CraftedClarity безендіруі

Жаңа BMW X7 салоны өзінің безендірілуінде пайдаланылған материалдардың айрықша сапасымен таңғалдырады. БАҚҚ селекторының иінтірегіне, iDrive контроллеріне және Start/Stop батырмасына арналған CraftedClarity хрусталі сияқты эксклюзивтік ерекшеліктер бұл сезімді анық ерекшелей түседі.

6 орын

6 орын

6 орындық автокөлік конфигурациясы орындықтардың екінші қатарындағы жолаушыларға қосымша жайлылық деңгейін қалыптастырады және үшінші қатарға кіруді жеңілдетеді.

Автоматты климат-бақылау, 5 аймақты

Автоматты климат-бақылау, 5 аймақты

Автоматты 5 аймақты климат-бақылау барлық үш орындық қатарында да жайлы температураны жеке дара баптауға мүмкіндік береді.

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі

Bowers & Көлемді 3D-дыбысталуы бар Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі 1475 Вт шығыс қуатымен және автокөліктің әр бұрышындағы таңғажайып студциялық дыбыс сапасымен өзгешеленеді.

6 цилиндрлі TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы

6 цилиндрлі TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы

Қатарлы 6 цилиндрлі TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы автокөліктің небәрі 5,8 секундта 100 км/сағ дейін жылдамдық алуын қамтамасыз етеді және сезімтал жауап қату жылдамдығымен және таңғаларлық қуат қорымен сипатталады.

Executive Drive Pro жүйесінің қисаюды белсенді басу функциясы

Executive Drive Pro жүйесінің қисаюды белсенді басу функциясы

Executive Drive Pro жүйесінің қисаюды белсенді басу функциясы жол жүрген кезде тұрақтылық пен жайлылықты қамтамасыз етіп, бұрылыстарда да, түзу жерлерде де автокөлік шанағының шайқалуын азайтады.

Интегралды белсенді рульдік басқару

Интегралды белсенді рульдік басқару

Интегралды белсенді рульдік басқару төмен жылдамдық кезінде жеңіл маневр жасауды жақсартып, жоғары жылдамдық кезінде жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді.

Смартфонды интеграциялау

Смартфонды интеграциялау

Смартфонды интеграциялау автокөлігіңіздің функционалын кеңейтеді, ол Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдау есебінен жүзеге асырылады. Осының арқасында сіз автокөлігіңізде отырып-ақ әдетте қолданатын қосымшаларыңызға кіре бересіз.

Ыңғайлы кіру

Ыңғайлы кіру

Ыңғайлы кіру жүйесі автокөліктің барлық есігін кілтсіз ашуға мүмкіндік береді.

BMW 8 операциялық жүйесі

BMW 8 операциялық жүйесі

BMW iDrive интеллектуалды BMW 8 операциялық жүйесімен бірге BMW X7 көлігін басқаруды көбірек түйсікпен сезуге болатын әрі ыңғайлы етті. Табиғи дауысты пайдаланатын дауыстық бұйрықтар, эргономикалық басқару органдары және BMW Intelligent Personal Assistant ақылды көмекшісі кез келген сәтте көлік жүргізуден шынайы ләззат алуға көмектеседі.

Professional көлік жүргізу көмекшіс

Professional көлік жүргізу көмекшіс

Professional көлік жүргізу көмекшісі таңдалған жол жүру жолағын, жылдамдықты және арақашықтықты автоматты түрде ұстап тұрады.

Professional тұраққа қою көмекшісі

Professional тұраққа қою көмекшісі

Тұраққа қою көмекшісі параллельді немесе перпендикулярлы бағытта тұраққа өз бетінше қоя алады, сондай-ақ параллельді тұрақ орнынан өз бетінше шағара алады.

Проекциялық дисплей

Проекциялық дисплей

Толық түсті проекциялық дисплей қозғалыс туралы қажетті ақпаратты тікелей сіздің көз алдыңызда көрсетеді. Жылдамдық пен навигациялық жүйенің бағыттары сияқты деректер сізді жолдан алаңдатпай және BMW X7 көлігіңізді толық көңіл бөліп басқаруыңызға мүмкіндік бере отырып, көз алдыңызда көрнекі түрде көрсетіледі.

Сипаттамалары мен бағалары

Модификация

xDrive 40i M50i xDrive 30d M50d
Көлемі (л) 3,0 4,4 3,0 3,0
Цилиндрлер 6 8 6 6
Макс.айналдыру моменті (Нм) 450 650 620 760
Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
71 713 996 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
73 092 362 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру

BMW X7

img