Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Тіпті қараңғыда да қайталанбас бейне.

Тіпті қараңғыда да қайталанбас бейне.

Бұл модель Iconic Glow контурлық көмескі жарығы бар BMW радиатор торының жаңартылған дизайнымен, қосарланған алдыңғы фаралардың жаңа тартымды жарық суретімен және M көлігіне тән Welcome Light Carpet жолға түсетін жарық жолағы арқылы динамикалық сәлемдесу функциясымен ерекшеленеді.

Ең тамаша келбетке келтірілген қуаттылық.

Ең тамаша келбетке келтірілген қуаттылық.

Көлемді дөңгелек аркалары мен ірі бүйірлік панельдер күшті және сенімділікті айшықтап көрсетеді. BMW M5 Touring ерекше қуаты бір көргеннен-ақ айқын.

Таңдандырарлық әсер.

Таңдандырарлық әсер.

20/21 дюймдік M Double-Spoke 952 M Bicolour алмастай жылтыратылған жеңіл қорытпалы дискілері жарықты шағылыстырады, көру бұрышына байланысты ашық түстен күңгірт түске дейін реңкін құбылтады. Өлшемдері әртүрлі шиналар жолмен оңтайлы ілінісуді қамтамасыз етеді.

Жаңартылған сұлба.

Жаңартылған сұлба.

Қара түсті спойлер сіздегі BMW M-нің тұрақтылығын жоғарылатып және спорттық стилін айшықтап көрсетіп, қосымша жерге қарай басатын күш қосады..

Сенімді ұстамдылық.

Сенімді ұстамдылық.

Шанақтың артқы бөлігі стильді жарықдиодты артқы шамдармен және басқарылатын жапқыштары бар газ шығару жүйесінің төрт келте құбырын әсерлі түрде көмкеріп тұрған екі секциялы диффузормен ерекшеленеді.

Жеке тәсіл.

Жеке тәсіл.

Ені бойынша реттелетін арқалықтарының және жылыту функциясының арқасында M көп функциялы орындықтары алуан түрлі баптаулар ұсынады және жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.

Дәл өлшенген пішіндер.

Дәл өлшенген пішіндер.

«Нөлдік» таңбасы, M стиліндегі руль астындағы ауыстырып қосқыштары және таңдалған баптауларды ыңғайлы сақтауға арналған M1/M2 жад түймелері бар M спорттық руль дөңгелегі.

Бәрі бір орында.

Бәрі бір орында.

Қызыл түсті Start/Stop түймесі, M түймелері, M эмблемасы және M режимдерімен BMW контроллері бар M стиліндегі орталық консоль түйінді функцияларға тез қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Көбірек динамика.

Көбірек динамика.

Сіздегі BMW M үшін арнайы бапталған фондық жарық жүйесінің көмегімен ерекше визуалды әсерлер қалыптастырыңыз. Қозғалтқышты оталдырған кезде автокөлік салоны индиго көк түсімен жарықтандырылады және солдан оңға қарай жылжып отыратын M фирмалық түстерімен анимация іске қосылады.

Салонды табиғи жарыққа толтырыңыз.

Салонды табиғи жарыққа толтырыңыз.

Панорамалық әйнек төбе салонды жарыққа толтырып және интерьерге жеңілдік қоса отырып, ерекше кеңістік сезімін қалыптастырады.

Ұмытылмас әсерлерге арналған M Hybrid күштік қондырғысы.

Ұмытылмас әсерлерге арналған M Hybrid күштік қондырғысы.

BMW M5 Touring моделінің M Hybrid гибридті күштік қондырғысы тиімділігі жоғары 8 цилиндрлі V пішінді M TwinPower Turbo бензинді қозғалтқышы мен электрқозғалтқышты біріктіреді.

Көңіл-күйіңіздің ырғағымен қозғалыңыз.

Көңіл-күйіңіздің ырғағымен қозғалыңыз.

Бейімделетін M аспасы жол жағдайларына және сіздің жүргізу мәнеріңізге автоматты түрде бейімделе отырып, динамика мен жайлылықты біріктіреді.

Таң қалдырарлық екпіндеу.

Таң қалдырарлық екпіндеу.

Boost Control функциясы жылдамдықты максималды үдетуді қамтамасыз етеді. Трансмиссияны дайындау үшін Boost құлақшаны ауыстырып қосқышын басып тұрыңыз, содан кейін акселератор педалін бірден басып қалыңыз — сонда автокөлік бір сәтке де іркілместен лезде үдей жөнеледі.

Қозғалтқыштың эмоциялық дыбысы.

Қозғалтқыштың эмоциялық дыбысы.

Қозғалтқыштың көбірек қарқынды дыбысы үшін SPORT немесе SPORT PLUS режиміне ауыстырыңыз. Басқарылатын жапқыштары бар M Sport газ шығару жүйесінің терең әрі резонансты дыбысы жүрегіңіздің соғу жиілігін арттырады.

M стилінен ләззат алыңыз.

M стилінен ләззат алыңыз.

Әрбір сапарды ерекше ететін жайттар. BMW проекциялық дисплейі M Mode режиміне бейімделеді. ROAD режимінде ол навигация нұсқауларын, жылдамдық шектеуі туралы ақпаратты және басқа да пайдалы ақпаратты көрсетіп тұрады. SPORT және TRACK режимдерінде M дисплейінің таңдалған берілісті, қозғалтқыштың айналымдарын және ағымдағы жылдамдықты көрсететін эксклюзивті нұсқалары қолжетімді.

Көлік жүргізуден алатын жеке дара ләззат.

Көлік жүргізуден алатын жеке дара ләззат.

M Mode режимдері жүргізушінің көмекші жүйелері мен ақпаратты көрсету параметрлерін түймені бір рет басу арқылы баптауға мүмкіндік береді. ROAD режимінде барлық көмекші жүйелер қосылып тұрады, ал SPORT режимінде деректерді көрсетудің көбірек динамикалық нұсқалары белсендіріледі. TRACK режимінде зейініңізді динамикалық жүргізуге шоғырландыруыңыз үшін көрсетілетін ақпараттың көлемі барынша қысқартылады және барлық көмекші жүйелер өшіріледі.

Зейінді көмекшіңіз әрдайым жаныңызда.

Зейінді көмекшіңіз әрдайым жаныңызда.

Professional жүргізу көмекшісі 210 км/сағ-қа дейінгі жылдамдықта BMW-ңізді қозғалыс жолағының шегінде және алдыда жүріп бара жатқан автокөлікке дейін берілген қашықтықта сенімді ұстап отырады. Егер қажет болса, BMW-ңіз тежеледі және тоқтайды, ал содан кейін автоматты түрде орнынан қозғалады: үлкен артықшылық — әсіресе қозғалысы тығыз жағдайларда.

Сіздің BMW-ңіз өз бетінше тұраққа тұруға және тұрақ орнынан шығуға қабілетті.

Сіздің BMW-ңіз өз бетінше тұраққа тұруға және тұрақ орнынан шығуға қабілетті.

Professional тұраққа қою көмекшісінің арқасында ол автоматты түрде тұрақ орнын табады. Ұзындығы 200 метрге дейінгі тиісті маневрді бір рет орындасаңыз жеткілікті, осыдан кейін BMW-ңіз осы орында өздігінен кіре және одан шыға алатын болады, ал сіз бұны өз смартфоныңыздан бақылап тұрасыз.

Сипаттамалары мен бағалары

Авто в наличии
Все автомобили в наличии
* Автомобиль, изображенный на фотографии не является точным отражением автомобиля в наличии.Подробную информацию о наличии интересующего Вас автомобиля уточняйте у официального дилера
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
Жолда
72 904 008 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X7 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
Жолда
80 117 700 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру

BMW M5 Touring

img